Алматыда жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатыр

0
1 103

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді.


Алматыда жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда прокуратура жедел жәрдем қызметінің жұмысындағы заңсыздықтарға қатысты істі тергеп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді. Ол ведомстволық комиссиялық тексеру кезінде жедел жәрдем станциясының кейбір қызметкерлерінің жұмысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталғанын айтты.

"Осыдан біраз уақыт бұрын жедел жәрдем қызметіне комиссиялық тексеру жүргізілді. Барлық істер қосымша тергеу үшін прокуратураға өткізілді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің шағымдарына келетін болсақ, ол мәселемен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді Сұлтанғазиева.