Алматыда жанып жатқан қоймадан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды

0
360

Өрт сағат 12:28-де оқшауланып, 14: 58-де толық жойылды.


Алматыда жанып жатқан қоймадан 7 газ баллоны сыртқа шығарылды

ERNUR.KZ. Өрт сөндірушілер жанып жатқан қойма маңында орналасқан бір қонақүй кешенін, 5 автокөлік пен көрші қоймаларды өрттен қорғап қалды, деп жазады kaz.inform.kz.

Бүгін,17 ақпанда сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданында Көкмайса, 27 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 4 минутта жеткен. Келген кезде ашық жалынмен қойманың жанып жатқанын анықтады. Өрт жалпы аумағы 2 мың 300 шаршы метр жерді шарпыған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт оқпандары қойылып, жедел штаб құрылды. Өрт екі учаскеде сөндірілді.

Өрт сөндірушілерге жеке автотехника кедергі жасады, өзара іс-қимыл қызметтері нысанды токтан ажыратылды.

«Өрт орнында аэрозольді газ баллондары, лак-бояулар жарылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді, құрылымдардың опырылып түсу қаупі туындады. Нысаннан 7 газ баллоны эвакуацияланды. Оның бесеуі 50 литрлік, екеуі 25 литрлік», - деп хабарлады департменттен.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан қойма маңында орналасқан бір қонақ үй кешенін, 5 автокөлік пен көрші қоймаларды өрттен қорғап қалды.

«Қабылданған жедел шаралармен «Ильнарус» қонақүйі, кафе, автокөлік жуатын кешен, кәсіпкерлердің тауарлық-материалдық құндылықтары бар көрші қоймалары, 5 машина сондай-ақ трансформаторлық станцияға өрттің таралуына жол берілмеді», - деп атап өтті ведомстводан.

Өрт сағат 12:28-де оқшауланып, 14: 58-де толық жойылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 120 маман, 32 бірлік техника, «Алматы су» мекемесінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.