Алматыда тұрғындар жолдың шұңқырына кілем төсеп қойған

0
1 028

Алайда Наурызбай ауданының әкімдігі Айбергенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.


Алматыда тұрғындар жолдың шұңқырына кілем төсеп қойған

ERNUR.KZ. Алматыда жол бойындағы шұңқырға кілем төселген видео желіде тарады, деп жазады Stan.kz

"Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Айбергенова көшесі. Жергілікті тұрғындар ерекше әдісті қолданып, шұңқырды кілеммен жауып қоюды ұйғарыпты", – делінген хабарламада.

Алайда Наурызбай ауданының әкімдігі Айбергенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

"Жол желісін жөндеу аясында Айбергенов көшесінің бойындағы жолды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көрсетілген ескертулерді жою шаралары қабылданғанын хабарлаймыз. Сондай-ақ асфальт төсеу жұмыстары аяқталған", – деп хабарлады аудан әкімдігі.