Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр

0
1 585

Ресми ведомство Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы қазіргі уақытта тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.


Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар қатысқан тойдың видеосы пайда болды. Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Видео кадрларынан мереке жас жұптың үйлену тойына арналғанын көруге болады. Іс-шараға қатысушылар арасында Роза Рымбаева, "МузАрт" тобының солисі Сәкен Майғазиев және КешYOU тобының экс-солисі Айдана Меденова болған.

Тойда әнші Сәкен Майғазиев жас жұбайларға арнап тілек айтады.

"Жаман індет жерге енсін. "Сәуір болмай, тәуір болмайды" дейді. Сәуірден бастап тәуір күндеріміз бастала берсінші", - дейді әнші.

Ресми ведомство Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы қазіргі уақытта тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Қазір мекеме әкімшілігімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Видео мұрағатынан іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәлімет алынады", - деп хабарлады мониторингтік топтың өкілдері.

Бұған дейін Алматыда екі той өткізген мейрамхана басшысы жазаланатыны хабарланған болатын. Тойға блогерлер мен әртістер қатысқан.