Алматыда мәйітхана директоры қамауға алынды

0
549

​Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа бюро тамыз айының соңында қолданысқа тапсырылатынын айтқан болатын.


Алматыда мәйітхана директоры қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда "Қалалық патологоанатомиялық бюро" директоры аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады sputniknews.kz.

Мәйітхана басшысы жемқорлыққа қарсы қызмет пен Алматы прокуратурасының бірлескен жұмысы нәтижесінде ұсталды.

Ол 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Салынып жатқан қалалық патологоанатомиялық бюроға медициналық құрал-жабдық алу туралы актіге қол қойған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа бюро тамыз айының соңында қолданысқа тапсырылатынын айтқан болатын. Оның мәліметіне сәйкес, 1 689 қызметкер кадрлық резервте тұр.