Алматыда қоқыстан жасалған арт-нысандар көрмесі өтті

0
1 175

Эко-арт жобасында суретшілер тұрмыстық қалдықтардан түрлі бейнелер жасап, оны қала жұртшылығының назарына ұсынды.


Алматыда қоқыстан жасалған арт-нысандар көрмесі өтті

Алматыда қоқыстан жасалған құбыжықтардың шеруі өтті, деп хабарлайды Хабар-24.

Эко-арт жобасында суретшілер тұрмыстық қалдықтардан түрлі бейнелер жасап, оны қала жұртшылығының назарына ұсынды. Осы жоба арқылы Алматы үшін үлкен проблемаға айналған қоршаған ортаның ластануын көрсеткіміз келді, - дейді ұйымдастырушылар.

Мұның бәрі ретсіз тұтыну, есепсіз пайдалану, қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараудың нәтижесі. Іс-шараға сегіз ауданнан сегіз суретші командасымен қатысты.

Олар өз аудандарындағы халық көп баратын жерлерді аралап, ондағы қоқыс қалдықтарын жинап, «Пластикалық Афродита», «Қоқыс бике», «Мұнайдың баласы» және «Шұңқырдағы бақсы» сияқты құбыжық бейнелерді жасап шыққан. Эко арт жобасы қала күні аясында өтіп жатыр.