Алматыда қаңғыбас мысық ауруханаға босануға барды

0
442

Акушер қызметін невропатолог және кардиолог дәрігерлер атқарды.


Алматыда қаңғыбас мысық ауруханаға босануға барды

ERNUR.KZ. 22 мамыр күні Алматыдағы ауруханалардың біріне жүкті мысық босануға барған, деп жазады zakon.kz.

Аурухананың бір бөлмесі мысыққа арналған перзентханаға айналған. Акушер қызметін невропатолог және кардиолог дәрігерлер атқарды. Осылайша медицина мекемесінде бес марғау дүниеге келді.

Дәрігерлердің бірі босанған мысықты 5 марғауымен бірге үйіне алып кетті. Ол жануарларды қорғау қызметі балаларды бекітуге көмектеседі деп үміттенеді. Олай болмаса, тілек білдіргендерге таратады. Жаңа туған марғаулардың жынысы әлі белгісіз.

"Мысықтардың жағдайы жақсы. Барлығы көңілді сияқты", - дейді кардиолог Саид Сайдувалиев.

Осыған ұқсас жағдай Түркияда да болды. Былтыр медпунктке босануға үйсіз жүкті мысық барған. Ол кезде тек бір марғау дүниеге келген.

Бұған дейін Қазақстанда жануарларды қорғауға арналған "шұғыл желі" іске қосылған еді.