Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен белгілі боксшы Серік Нұрқазов табылды

0
457

14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.


Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен белгілі боксшы Серік Нұрқазов табылды

ERNUR.KZ. Алматыда жоғалып кеткен 64 жастағы спортшы Серік Нұрқазов аман-есен табылды, деп жазады inform.kz.

«1959 жылы туған С.Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылған еді», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Спортшының қайда жүргені туралы айтылмаған.

Бұған дейін белгілі боксшы 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны туралы жазған болатынбыз.