Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген қаскөй ұсталды

0
773

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматыда бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберген қаскөй ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда жас қызды өлтіріп, артынша оны өртеп жіберген қылымыскер ұсталды. «Латифа» тұрғын үй кешенінде айуандыққа барған қаскөй тек екі тәуліктен соң қолға түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұған дейін аталған дерек қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген еді.

«Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған азамат А.-ны өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Күдікті – азамат С. Алматы қаласының маңында ұсталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу шаралары жалғасуда», - деді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Қанды оқиға туралы полицияға тұрғындар хабарлаған. Олар Достық, 138 мекенжайында орналасқан «Латифа» тұрғын үй кешенінде пәтерлердің жеңіл жүрісті қыздарға жалға берілетінін, притондар туралы халықтың шағымын полицияның елемей отырғанын айтып шағымданған.