Алматыда белгілі журналистің көлігін өртеді деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

0
562

Ұсталғандар 2005, 2006 және 2007 жылғылар.


Алматыда белгілі журналистің көлігін өртеді деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда белгілі журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікпен 5 адам ұсталған. Олардың бәрі дерлік кәмелет жасына толмаған балалар, деп жазады exk.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, ұсталғандар 2005, 2006 және 2007 жылғылар. Олар өз істеріне байланысты жауап берген. Яғни бұл әрекетті интернет арқылы бейтаныс адамнан тапсырыс алып жасағанын түсіндірген.

Қазіргі уақытта оларды қамауға алу мәселесі қарастырылуда. Полиция жасөспірімдердің айтуымен тапсырыс берген адамды іздеуге кірісті.