Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәті видеоға түсірілді

0
638

Шақалақ Алмалы ауданында Райымбек даңғылының бойында табылған.


Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәті видеоға түсірілді
ERNUR.KZ. Алматыда арыққа тасталған сәбиді құтқару сәті видеоға түсірілді, - деп жазады Tengrinews.kz.

ВИдео krisp.almaty Instagram-паблигінде жарияланған. Оның кадрларынан бірнеше адамның түнгі уақытта сәби жылаған жаққа қарай бара жатқаны көрінеді.

"Арық жақтан баланың жылаған даусын естідік, орамал алып, түнделетін іздеуге шықтық", - дейді қолданушы.

Еске салайық, осыған дейін алматылық арықтан сәби тауып алғаны хабарланған. Шақалақ Алмалы ауданында Райымбек даңғылының бойында табылған.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар баланың салмағы үш келі, бойы 52 сантиметр екенін хабарлады.

"Медициналық белгілеріне байланысты бала жедел медициналық көмек орталығына жеткізілді. Қабылдау кезінде гипотермия салдарынан жағдай ауыр болды (дене температурасы - 34,5), қазір жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы қалыпқа келді. Ол тамақты өз бетінше, ширақ ішеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.