Алматыда алимент төлеуден қашып жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр

0
678

Айып тұрағына қойылған көліктер сатылымға шығарылады.


Алматыда алимент төлеуден қашып жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүрген ер азаматтардың машинасы тәркіленіп жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әділет департаменті қазірге дейін 4 көлікті мәжбүрлі түрде айып тұрағына қойды. Көлік иелерінің алимент бойынша жалпы қарыз көлемі 3 158 153 теңгеге жеткен.

Қашқындарды ұстауға полиция көмекке келген. Алдымен бағалаушы компаниялар көліктің құнын шығарады және сол бойынша айып тұрағындағы машиналар сатылады. Сатылымнан түскен ақша алимент қарызын төлеуге жұмсалады.

«Қыркүйек айында Алматыда жеке сот орындаушысы алимент өндіру ісін жүргізу барысында борышкерлерден куәгерлердің және полиция қызметкерлерінің көзінше «Mercedes Benz», «Subaru Legacy» және «Toyota» маркалы 4 автокөлікті тәркілеп, айыппұл тұрағына қойды» деп хабарлады қалалық Әділет департаментінің баспасөз жетекшісі Әсемгүл Батыргереева.