Алматыда 30 мыңнан астам жеке тұлға декларация тапсырмаған

0
1 197

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды.


Алматыда 30 мыңнан астам жеке тұлға декларация тапсырмаған

ERNUR.KZ. Декларациялаудың екінші кезең шеңберінде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы есепті 250.00 нысаны бойынша Мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай–ақ олардың жұбайлары ұсынады, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы Алматы қаласы бойынша жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде 152 484 жеке тұлға есеп тапсыруға міндетті.

Оның мерзімі 2023 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталуына қарамастан, бүгінгі таңда 30 195 адам өз міндеттемелерін орындамады. Декларация ұсынбаған жеке тұлғалардың жалпы санының 61%-ы немесе 18 440-ы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне, қалғаны квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне тиесілі.

Декларацияны мерзімінде ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен жөн.

Декларацияны электронды түрде "салық төлеушінің кабинеті" (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы арқылы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасының көмегімен де тапсыруға болады.

Сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығы – 1414 нөміріне хабарласуға болады.