Алматы ТЖД басқармасының бастығы сотталды

0
353

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Алматы ТЖД басқармасының бастығы сотталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы жемқорлық үшін сотталды, деп жазады tengrinews.kz.

8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.

Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.