Алматы тауларында жоғалып кеткен турист өлі табылды

0
532

Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды.


Алматы тауларында жоғалып кеткен турист өлі табылды

ERNUR.KZ. Алматы тауларында жоғалып кеткен аустралиялық турист өлі күйінде табылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағы Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін тапты.

Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан табылды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, 2023 жылғы 21 мамырда 1995 жылы туған Аустралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен.

Полиция департаментіне оның жоғалып кеткенін хостелде бірге тұрған Ресей азаматы хабарлаған.

Жоғалған туристті соңғы рет әріптесі көрген.

Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамыр таңертең туристтік мақсатта келген. 22 мамырда таңғы сағат 7-де туристтер кері ұшып кетуі керек болған, бірақ құрбысы әуежайға жалғыз барыпты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы маңында жоғалып кеткен шетелдікті іздеуге тікұшақтар жұмылдырылғанын жазған болатынбыз.