Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

0
889

Зардап шеккендердің арасында екі бала бар.


Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысында тасжолда жол апатынан үш адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Жантүршігерлік жол апаты бүгін түскі уақытта болған. Жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген суреттер Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Алматы облыстық ПД мәліметінше, ЖКО салдарынан үш адам қаза болған.

"Жол апаты Алматы - Көкпек - Көктал автожолының 40-шы шақырымында Toyota Highlander және Lada 21014 автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам түрлі дене жарақатымен Есік ауруханасына жеткізілді",-делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Зардап шеккендердің арасында екі бала бар. Осы дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалған және сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.