Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

0
548

Toyota Windom мен Lexus LX 570 көліктері соқтығысқан.


Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

ERNUR.KZ Алматы – Өскемен тас жолында болған жол апатынан 4 адам көз жұмып, біреуі зардап шекті, деп жазады Sputnik.KZ.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Алматы – Өскемен тас жолының 110-шы шақырымында Toyota Windom мен Lexus LX 570 көліктері соқтығысқан.
"Көліктердің бірі бұрылып жатқанда қарсы бағытта келе жатқан екіншісі келіп соғылған. Оқиға орнында Toyota Windom көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы көз жұмды. Сонымен қатар Қапшағай ауруханасына түрлі жарақатпен 50 жастағы әйел жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қажетті сараптамалар белгіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлік рөлінде отырған адамның абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әскеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша жүргізіледі.