Алматы облысында газ құю станциясы өртеніп, 2 адам зардап шекті

0
1 435

Қоймада әртүрлі сыйымдылықтағы шамамен 260-300 дана газ баллондары болған.


Алматы облысында газ құю станциясы өртеніп, 2 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Алматы облысының Саймасай ауылында газ құю станциясында өрт болып, 2 адам ауруханаға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 17:50-де Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы, Рысбеков көшесі, 1а мекенжайында болған.

«Өтебаева» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі Саймасай ауылының газ құю станциясында газ баллоны жанып, от сақтау және сату үшін арналған контейнерлік үлгідегі қоймаға көшкен.

Газ баллондарының жаппай жануы (шамамен 40 дана) және жоғары температураның пайда болуы салдарынан өрт қойманың жанында тұрған «ЗИЛ» газ құю машинасына ауысты. Көлемі 3 текше метр көлік газға толы болған.

Сонымен қатар қоймада әртүрлі сыйымдылықтағы шамамен 260-300 дана газ баллондары болған. Бұдан бөлек, қойманың жанында газбен толтырылған көлемі 4 текше метр жерасты қоймасы орналасқан.

Жарылыстың туындау және жалынның 30 метр қашықтықта орналасқан тұрғын үй алабына ауысу қаупі болды.

«Оқиға орнына келген алғашқы бөлімшелер жедел іс-әрекет етіп, газ құятын автомобильдің, газы бар жерасты қоймасының, сондай-ақ қоймадағы қалған баллондардың жарылу қаупінің алдын алды. Өрт орнына «жоғары шығу» дәрежесі бойынша шығу кестесіне сәйкес бөлімшелер жіберілді. Жалын сағат 18:28-де оқшауланып, сағат 18:45-те толығымен жойылды. Өрт салдарынан газ құю станциясының 2 қызметкері әртүрлі дәрежеде күйік алып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.