Алматы облысында 15 жастағы қыз үйінің маңынан көптеген пышақ жарақаттарымен табылды

0
557

Қаскелең қаласындағы қан қабылдау орталығында жасөспірімнің туыстары донор іздеп жатқаны хабарланды.


Алматы облысында 15 жастағы қыз үйінің маңынан көптеген пышақ жарақаттарымен табылды

ERNUR.KZ. Желіде Алматы облысында кәмелетке толмаған Сулименко Арина Евгеньевна үйінің жанынан көптеген пышақ жарақаттарымен табылып, Ұзынағаш ауылындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр деген ақпарат тарап жатыр, деп жазады stan.kz.

Қаскелең қаласындағы қан қабылдау орталығында жасөспірімнің туыстары донор іздеп жатқаны хабарланды.

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған баланы пышақтап кеткен күдіктіні анықтап, ұстады.

"12 қазан күні таңғы сағат 6 шамасында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ұзынағаш ауылының 15 жастағы жергілікті тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігімен аудандық ішкі істер органдарына тіркелді. Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта фактіні тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен нақты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.