Қазір барлығы қамауда отыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысының Текелі қаласында 14 жастағы жасөспірімді төрт жігіт зорлады деген күдікпен ұсталды, деп жазады Stan.kz.
Олардың үшеуінің жасы17-де, біреуінің жасы 18-де болған. Қазір барлығы қамауда отыр. Оқиға Текелі қаласында болған. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сұмдық жайттың болғанын растады.
"10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36-жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14-жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды", - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растаған ақпаратта.