Әлеуметтік желілердегі фейк: Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы

0
443


Әлеуметтік желілердегі фейк: Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы

WhatsApp мессенджерінде ірі орман өртінің видеосы тарады. Кадрларда тілсіз жау Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Бородулиха ауылының маңында шыққан деп жазылған. Бұл өтірік, деп жазады stopfake.kz.

Бұл кадрлардың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Видео Ресейде түсірілген.

– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді – өрт мамыр айының басында Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген. «Новосибирск онлайнның» хабарлауынша, видеода 11 мамырда «Омбы-Түмен» тас жолында орын алған өрт көрсетілген. Сонымен қатар видеода жазылған жазу да дұрыс емес – Бородулиха аумағы ШҚО-ға емес, Абай облысына қарайды, – деп хабарлады облыс әкімдігі.