Ақысын кім төлейді: "Самұрық-Қазына" қорының басшысы АЭС салу жөнінде пікірін білдірді

0
533

Атом электр станциясы салынатын жер туралы сұрақтар туындап жатыр.


Ақысын кім төлейді:

ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов 13 шілдеде өткен брифингте Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін шешпес бұрын көптеген факторды ескеру қажет екенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанда атом электр стансасын салу немесе салмау жөнінде шешім қабылдағаннан кейін ғана барып қандай өндірушілермен – "Росатоммен" немесе басқа компаниямен келіссөздер жүргізуді ойластыруға болады, деп есептейді Нұрлан Жақыпов.
"Бұл электр энергиясының ақысын кім төлейді? Біз, балаларымыз. Оларға не қалдырамыз? Бұл жерде барлық тұрғыдан дұрыс талдау жасау керек".Нұрлан Жақыпов

Атом электр станциясы салынатын жер туралы сұрақтар туындап жатыр. Ол жерге экология және сумен жабдықтауға қатысты бірқатар талап қойылады.

"Атом электр стансасын салуға қойылатын талаптардың бірі – жақсы үлкен су қоймасының болуы. Экология аздап маған қатысы жоқ, бірақ мен есептерді оқып жүрмін. Каспий қазірдің өзінде тартылып жатыр, Балқаш та таязданып барады. Біреуін таңдап, атом электр станциясын салып, 10 жылдан кейін су тағы 10 метрге тартылатын болса, онда не болады? Біз күн сайын өзгеріп жатқан заманда жұмыс істеп отырмыз. Дарвин айтқандай, ең күштілер емес, ең жылдам бейімделетіндер аман қалады. "Қоя салайық" деп шешім қабылдай алмаймыз. Ал 10 жылдан кейін ол салынғанда су болмаса ше? Оған қоса, жергілікті тұрғындар тарапынан әлі де сұрақтар бар: бүйірінде АЭС тұратынына бәрі бірдей дайын емес. Сондықтан бірқатар сұраққа салмақты жауап беріп алып, бір-ақ шешім қабылдауымыз керек".Нұрлан Жақыпов