Ақтөбедегі мектептердің бірінде карантин жарияланды

0
427

Науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерістен өткен.


Ақтөбедегі мектептердің бірінде карантин жарияланды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі мектептердің бірінде қызылша ауруына байланысты карантин жарияланды. Облыс орталығындағы №11-ші мектептің бір сыныбы оқшауланған, деп жазады zakon.kz.

Білім ордасы басшысының айтуынша, бір баладан ауру табылған. Оның қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болып отыр.

Науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерістен өткен. Бұл сыныптың балаларына өзге оқушылармен араласуға уақытша тыйым салынған.

Қоңырау уақыттары да бөлек. Бұл шаралар 5-інші қазанға дейін жалғасады. Соңғы мәлімет бойынша, облыс аумағында 400-ге тарта адамнан індет анықталған.

"Тек бір сыныпта сабақ өтеді. Барлық жағдай жасалған. Желдету, кварц қосу, сол кабинетте әртүрлі жұмыстар жүргізіледі."Ардақ Сүлейменова, мектеп директорының міндетін атқарушы