Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы досының үйінен табылды

0
468

Ол 9 қаңтар күні түнде жоғалып кеткен болатын.


Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы досының үйінен табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде бір тәулік бойы үйіне оралмаған мектеп оқушысы досының үйінен табылды, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде 7 сыныпта оқитын Әділ Назенов бір күннен соң досының үйінен табылды. Ол 9 қаңтар күні түнде жоғалып кеткен болатын.

- Ол ата-анасымен сөзге келіп, үйінен кетіп қалған. Полиция қызметкерлері жан-жақты іздеу жұмыстарын жүргізіп, арада бір күн өткен соң досының үйінен тапты. Қазіргі кезде ата-анасымен, баламен түсіндіру жұмысы жүргізілді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір өңірде рейд өтіп жатыр. Полиция жасөспірімдерді бақылауға алған. Жыл басынан бері 170-ден астам жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізіліп, ата-аналары шақыртылды. Кейбірінен алып жүруге тыйым салынған заттар табылды.

- Ақтөбе облыстық білім басқармасымен бірге ауқымды жұмыс атқарғымыз келеді. Әр он күн сайын құқықбұзушылық жасаған жасөспірімдерді бір ортаға жинап, ата-аналарымен, мұғалімдермен кездесу ұйымдастыру қажет деп ойлаймыз, - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.