Ақтөбеде деструктивті діни ағымның мүшесінен қару-жарақ тәркіленді

0
691

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Ақтөбеде деструктивті діни ағымның мүшесінен қару-жарақ тәркіленді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Алға ауданында қылмыстық топтың мүшесі әрі деструктивті діни ағымды ұстанатын адамнан қару-жарақ табылды, деп жазады sputnik.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ақтөбе облысының полициясы жедел іздестіру шаралары кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі және деструктивті діни ағымның мүшесін ұстады. Ол Алға ауданының тұрғыны болып шықты.
Күдіктінің үйін тінту барысында "Макаров" тапаншасы, 12 калибрлі "Mossberg" маркалы аңшы мылтығы, 9 калибрлі 38 дана тапанша оғы, 12 калибрлі 19 дана оқ дәрі, аңшы пышағы, оқ салғыш белдігі және 18 дана діни әдебиет тәркіленді.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жинақталған дәлелдер негізінде Алға ауданы тұрғынының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленіп, ҚПК 128-бабы бойынша Алға ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.