Ақтөбе облысында тіс дәрігеріне барған 61 адам гепатит жұқтырған

0
430

В геппатит вирусы – бауырдың зақымдалуынан туындайтын инфекциялық ауру.


Ақтөбе облысында тіс дәрігеріне барған 61 адам гепатит жұқтырған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жыл басынан бері 88 В гепатитін жұқтыру дерегі тіркелген. 2021 жылы бұл көрсеткіш 63-ке тең болған, деп жазады stan.kz.

Тіс дәрігеріне барған соң 61 адам В гепатитін жұқтырған. Қалған адамдар инфекцияны сән салонына немесе шаштаразға барғаннан кейін жұқтырыпты.

В геппатит вирусы – бауырдың зақымдалуынан туындайтын инфекциялық ауру. Көп жағдайда метаболизм бұзылып, тері сарғаяды. Уақыт өте бұл созылмалы гепатит немесе бауыр циррозына алып келеді.

Инфекцияның көзі – ауру жұқтырған адам немесе созылмалы тасымалдаушы. Көбіне парентеральді немесе қан арқылы жұғады.
Гепатитті көп жағдайда косметика салонында немесе құралдары бірнеше рет қолданылатын шаштараздарда жұқтырып жатады.

Сонымен қатар маникюр, педикюр, пирсинг, татуировка салу, сақал ау кезінде жұқтыруы мүмкін. Құралдарда вирустың бөліктері болады. Сондықтан шеберлерге әр құралды өңдеп отырған жөн.