Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды

0
529

Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.


Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында бір топ бала кәмелетке толмағандарды себепсіз соққыға жыққан, деп жазады Tengrinews.kz.

28 сәуірде әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу барысында бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан видео анықталды.

Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алғада Niva көлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықтады.
Төбелес ұйымдастырғандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.