Ақтауда теңіз бетінде майлы қара дақ пайда болды

0
314

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде екі дақ байқалғанын айтты.


Ақтауда теңіз бетінде майлы қара дақ пайда болды

ERNUR.KZ. Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауы аумағындағы су бетінен қара дақтар байқалды, деп жазады inform.kz.

Аталған мәселені Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті бақылауға алып, тиісті жұмыстар басталғанын мәлімдеді.

«Маңғыстау облыстық Экология департаменті Ақтау қаласы және Қызылқұм жерінің оңтүстік-батыс бағытына қарай Каспий теңізіндегі пайда болуы күмәнді қара түсті нүктелер бойынша іс-шараларды қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шолу кезінде Ақтаудағы 14 шағын ауданның теңіз жағалауы толықтай тексеріліп, судан сынама алынды. Шолу кезінде теңіз суының таза екендігі, жағалауда май дақтары және жағымсыз май иісі анықталған жоқ. Сынама қорытындысы бойынша зиянды заттектердің шамадан тыс артуы тіркелмеді», - деді департамент өкілдері.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде екі дақ байқалғанын айтты.

«...Баршаңыз түсінесіздер деп ойлаймын, Ақтау қаласына жақын жерде теңіз порты бар. Сол портқа рейдпен келетін кемелерден рұқсатсыз шығарынды тасталуы мүмкін», - деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Жомарт Әлиев шетелдік кемелерді тексеруге ведомствоның құзыреті жоқ екенін атап өтті.