Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды

0
155

Ақтаудағы бейнебақылау камерасына ер адамның балаларының көзінше әйеліне жасаған шабуылы түсіп қалғаны хабарланған болатын.


Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Полиция департаменті Ақтауда тұрғын үй кешеннің бірінде балаларының көзінше әйеліне қол көтерген ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство күдіктінің полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

"Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы бейнебақылау камерасына ер адамның балаларының көзінше әйеліне жасаған шабуылы түсіп қалғаны хабарланған болатын.

Кадрлардан ер адам әйелдің қолын бұрап, аузын жауып тұрғанын көруге болады. Кейін ер адам өздерін ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізу үшін айналасына қарайды. Кадрда үй тұрғындарының бірі пайда болады. Бұл ер адамның ұрып-соғу іс-әрекетін біраз уақытқа тоқтатады.

Оқиға лифтте жалғасады. Мұнда әйелдің қорқынышты айқайы мен балалардың жылауы естіледі. Бір сәтте жәбірленуші шабуылдаушыны лифттен шығарып жібереді.