"Ақшам жоғалып кетті": Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алды

0
713

Банк уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.


ERNUR.KZ. Kaspi.kz операцияларында ақаулар пайда болды. Қолданушылардың бірі қаражатымыз жоғалып кетті деп шошып жатса, енді бірі байлыққа кенелген, депжазады Stan.kz.

Банктың ресми өкілі Ербол Азанбек ақшалар орнында екенін айтып, қатты уайымға салынбауға шақыруда. Банк проблемаларды шешуге уәде берді.


"Өкінішке орай, Kaspi.kz сайтында техникалық ақаулар бар. Карта арқылы төлеу, төлемдер мен аударымдар жасау уақытша қол жетімсіз. Біз бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп хабарлады банк.


Банк уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Kaspi.kz қосымшасы Kaspi Gold-тағы теңгерімдегі ақпаратқа қатысы жоқ.