Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыда табылды

0
1 191

Ақмола облысы Қоянды ауылында әйел 15 жастағы оқушы қызын өз бетімен таба алмаған.


Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыда табылды

ERNUR.KZ. Қоянда қаласының 15 жастағы тұрғыны үйіне оралмаған. Кейін оны іздеу жарияланып, полицейлер жасөспірімді Алматыдан тапты, деп жазады zakon.kz.

Ақмола облысы Қоянды ауылында әйел 15 жастағы оқушы қызын өз бетімен таба алмаған. Содан полицияға хабарласқан. Сол күні қыз мектепке келмеген, бұл туралы мұғалімдер ата-анасына бірден айтқан.

Жоғалған баланы облыстың ювеналды және криминалдық полиция басқармасының полицейлері дереу іздеді. Оқушы қыздың жақын достарынан сұхбат алынды. Сол арқылы оның құрбысымен Алматыға кеткені белгілі болды.

"Жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды", - деп түсіндірді полиция департаменті.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында полицейлер түні бойы із-түзсіз жоғалып кеткен үш жасар қызды іздеуге шыққан еді. Олар сәбиді даладан тапты.