Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды

0
1 335

Оларға әртүрлі себеппен іздеу жарияланған.


Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Департамент мәліметінше, қылмыскерлердің біріне Ресейдің Челябі облысының тәртіп сақшылары РФ Қылмыстық кодексі 322-бабының 2-бөлігі «Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеу жариялаған. Оны полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағынан ұстады.

Ал екінші қылмыскер - Ақмола облысының тумасын тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жарқайың ауданының аумағынан тапты.

«Ұсталған адам бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған (ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі). Сот қаулысына сәйкес ол қалған мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, алайда тұрғылықты жері бойынша белгіленуге келмей Астана қаласына кетіп қалғандықтан, іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар, Степногор қаласы аумағында ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 3-бөлігі «алаяқтық» бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті.