Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап көз жұмды

0
410

Қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.


Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

«Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп, мерт болғанын жазған едік.