Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам әлі табылмай жатыр

0
579

Ол өткен жылдың 26 желтоқсанында үйден шығып, содан бері оралмаған


Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам әлі табылмай жатыр

Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адамды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың 16 қаңтарында Целиноград ауданының полиция бөліміне Семей қаласының 45 жастағы тұрғынынан 2023 жылдың 26 желтоқсанында үйден шығып, оралмаған 53 жастағы ағасын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті.

Ер адам екінші топтағы мүгедек, әрекетке қабілетсіз. Мүмкін бағдарсыз. Қазіргі уақытта ол Қоянды ауылында інісімен бірге тұрады деп түсіндірді.

Бұрын хабар-ошарсыз кеткен адам бірнеше күн, айлар бойы үйден бірнеше рет кетіп қалғаны анықталды, бірақ біраз уақыттан кейін ол әрқашан оралып отырған.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 165 см, дене бітімі арық. Ол сұр бушлат, қара тоқылған қалпақ, қара етік және шалбар киген.

Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды құқық қорғау органдарына «102» нөмірі бойынша немесе +7 702 699 0899 нөміріне хабарлай алады.