Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

0
479

Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.


Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

ERNUR.KZ Air Astana тобы су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізбек, деп жазады kaz.inform.kz.



Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді.

«Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек»,- деп хабарлады компаниядан.

Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау,

Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.

Сондай-ақ қазақстандықтар батыстағы үш қалаға алған әуе билетінің ақшасын толық қайтара алатыны жайында жазған едік.