Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

0
856

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді.


Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп жазады Stan.kz.

Ақпаратты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді.

"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бишімбаев Қ.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Басқа деректер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қ.Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.