АЭС құрылысына қатысты референдум қашан өтеді – Энергетика министрінің болжамы

0
664

Сонымен қатар ол Қазақстанда энергетиканы дамытуға қатысты нақты жоспардың бар екендігін атап өтті.


АЭС құрылысына қатысты референдум қашан өтеді – Энергетика министрінің болжамы

ERNUR.KZ. Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты рефордум өткізу мерзіміне орай пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Референдум мәселесі қалай жасақталады? Меніңше, ол Парламент депутаттарын, қоғам өкілдерін, белсенділерді, сала сарапшыларын жұмылдыру арқылы ұжымдық жұмыс болар. Сол жұмыстың қорытындысында тиіс хабарландыру жасалады», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, әлемде АЭС салу туралы шешім қабылданып, нысан салынғанға дейінгі аралыққа орташа есеппен 15 жыл кетеді.

«Станса құрылысы кезінде жобалауға, технологияға іріктеуге 3-4 жыл, одан кейін құрылыс жұмыстарына 12 жылға дейін уақыт кетеді. Яғни, бұл ұзақ процесс», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар ол Қазақстанда энергетиканы дамытуға қатысты нақты жоспардың бар екендігін атап өтті.

«Бізде зор әлеует бар. Елімізде энергетиканы дамытуға қатысты нақты жоспар түзілген. Президент жанындағы электр-энергетика кешенін дамыту жөніндегі кешенде Қазақстанның таяу жылдардың ішінде-аұ электр энергетикасына, мұнайөнімдері мен өзге де қажетті ресурстарға тәуелсіздігін көздейтін базалық әдіс қаралған болатын», - деді ол.