Абай облысында жүзден астам автокөлік қар құрсауында қалды

0
237

Құтқарушылар жеті адамды эвакуациялады.


Абай облысында жүзден астам автокөлік қар құрсауында қалды

ERNUR.KZ. Абай облысы Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығынан жолдардың жабылуына байланысты көптеген автокөлік кептеліп қалды. Төтенше жағдай министрлігі көліктердің нақты санын атады: 100 жеңіл, 15 жүк көлігі және 1 автобус, деп жазады sputnik.kz.

Қазір олар қалың қар мен жолдың көрінбеуінен қозғалысты жалғастыра алмай тұр.
Кептеліс орнына облыстың төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Қазіргі таңда құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
Семей қаласынан қосымша жеке құрамның 25 адамы мен жүріп өту мүмкіндігі жоғары техника жөнелтілді.