Абай облысында жоғалып кеткен ер адам мен немересі табылды

0
616

Құтқарушылар оларды ауылдан 25 шақырым жерде тапқан.


Абай облысында жоғалып кеткен ер адам мен немересі табылды
ERNUR.KZ. Абай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі адам құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.





"1965 жылғы ер адам мен оның 2013 жылы туған немересі құтқарылды. Олар іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде ауылдан 25 шақырым жерде табылды", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, табылған адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Ер адам мен қыз әскери тікұшақтың көмегімен Кендікті ауылына жеткізілді.