Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адам көз жұмды

0
2 140

Түрмеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтейді.


Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Абай облысындағы түзету мекемесінде сотталған адамның көз жұмуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық жазаларды орындау жүйесі депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға 5 қазанда 19 қауіпсіздік жүйесі аралас мекемеде болған. Сотталған екі ер адамның арасында жанжал туындады.
"Сол кезде біреуі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді департамент мамандары.
Қазіргі кезде полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Бұдан бөлек, қызметтік тергеу жүргізілді. Соның нәтижесінде түрменің бірнеше қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Айта кетері, дәл осы түрмеде бұрынғы құқық қорғаушылар жазасын өтейді. Олардың ішінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық ұлан мен полицияда жұмыс істеген адамдар бар.