" 5 адам қайтыс болды": Желіде Нұр-Сұлтанда "түсірілген" видео тарады

0
2 525

Видео жазбасында бұл Нұр-Сұлтанда болған жағдай делінген. Алайда бұл оқиғаның Қазақстанға қатысы жоқ.


ERNUR.KZ. WhatsApp және әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда бірнеше адам жиналып, қысылысып, салдарынан бірнеше адам қайтыс болғаны туралы видео тарады, деп жазады Stopfake.kz.

Оқиға желісі бойынша, бірнеше адам жиналып, салдарынан "бес адам қайтыс болып, үшеуі жансақтау бөліміне түскен". Видео жазбасында бұл Нұр-Сұлтанда болған жағдай делінген. Алайда бұл оқиғаның Қазақстанға қатысы жоқ.
Қайғылы оқиға Боливияда Эль-Альто университетінде болған. Экономика, қаржы және әкімшілік ғылымдар факультетінің студенттері жиналысқа бара жатқан.


Видео Нұр-Сұлтанда түсірілгені туралы мәлімдеме - фейк. Оны видеода адамдардың не қазақша, не орысша сөйлемейтінінен де байқауға болады.