30 тамызда самокатшылар туралы заң күшіне енеді

0
897

2 тамызда "электр скутерлері және жолдарда пайдалану кезіндегі іс-қимыл алгоритмі" тақырыбында кеңес өтіп, бірнеше шектеу енгізілді.


30 тамызда самокатшылар туралы заң күшіне енеді

ERNUR.KZ. "Жол қозғалысы туралы" түзетулер енгізілген заң 30 тамыздан бастап қолданысқа енеді, деп жазады baq.kz.

Шағын электр көлігі - жеке қозғалуға арналған, электр қозғалтқышы бар электр скутерлері мен мопедтерден басқа бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы (гироскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және т. б.); Электрлік скутер - екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды жылдамдығы сағатына жиырма бес километрден аспайтын көлік құралы. Бұл аталған көлік құралдарын пайдалану тәртібін заңмен бекітудегі алғашқы қадам, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

2 тамызда "электр скутерлері және жолдарда пайдалану кезіндегі іс-қимыл алгоритмі" тақырыбында кеңес өтіп, бірнеше шектеу енгізілді. Талаптар орындалмай, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтар ӘҚБтК-нің 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК-нің 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.

Скутерлерді салмағы 30 келі және одан асатын азаматтардың тізгіндеуіне рұқсат. Бұл балалардың электр скутерлерін пайдалануын болдырмау үшін салмақ категориялары бойынша енгізілген шектеу. Сондай-ақ кикшерингтік компаниялар "жосықсыз клиенттердің тізімін" құруды ұсынды. Яғни, енді жол қозғалысы талаптарын, жолаушы және жүк тасымалдау ережелерін бұзған, скутерді дұрыс емес жерде қалдырған тұрғындар аталған көлік құралын пайдалана алмайды. Бұдан бөлек, пайдаланушы скутерді арнайы орнына қоймайынша сапар аяқталған болып саналмайды. Тиісінше скутерді тізгіндеушінің картасынан ақша алу да тоқтамайды, - деді Ақтоты Боранова.