23 жастағы ақтөбелік құмар ойынның кесірінен өз-өзіне қол жұмсады

0
313

Ол букмекерлік кеңседе құмар ойынға 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша салғаны белгілі болды.


23 жастағы ақтөбелік құмар ойынның кесірінен өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 23 жастағы жігіт әкесінің айлығын құмар ойынға салып, өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады tengrinews.kz.

Полиция департаментіне Ақтөбе облысында өзіне қол жұмсаған жігіт туралы ақпарат түскен. Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе құмар ойынға 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша салғаны белгілі болды.

Салдарынан жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Ол мұндай қадамға әкесінің барлық жалақысын құмар ойынға салып жібергеннен кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарға 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша салған.

Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, кейін бұл әдеті ставкаларға ұласқан.