2024 жылғы діни мерекелер күнтізбесі бекітілді: ораза қашан басталады

0
954

ҚМДБ діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін ескертті.


2024 жылғы діни мерекелер күнтізбесі бекітілді: ораза қашан басталады

ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп жазады sputnik.kz.

Күнтізбе бойынша келесі жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Барша мұсылман үшін оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады.
Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келіп тұр. Мейрам үш күн тойланады.

ҚМДБ хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын атап өтті.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.