2023 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен алматылық өлі табылды

0
241

Оның денесі 10 сәуірде табылды.


2023 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен алматылық өлі табылды

ERNUR.KZ. Алматыда былтыр желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Ршимов Айян Едігеұлы, 1990 жылы туған, 2023 жылдың 13 желтоқсанында жоғалып кеткен. Сағат 18:00 шамасында Медеу ауданы, Талғат Бигелдинов көшесі, 74 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы – 180 сантиметр, арық денелі, шашы қысқа, көзі қоңыр. Үстінде қара күрте мен қара қалпақ болған.

Еріктілердің айтуынша, ер адам қайтыс болған. Оның денесі 10 сәуірде табылды. Ер адамның өлімінің мән-жайы нақтыланған жоқ.