100 жасында жұдырықтасқан қазақтың әжесі желінің жұлдызы болды (видео)

0
1 618

​ERNUR.KZ. Жасы жүзді алқымдаса да, күш-қуатын жоғалтпаған кейуана әп-сәтте ғаламтор жұлдызына айналды. Өзін шымыр ұстаған әжей шапшаң қимылымен де көзге түсті.


 100 жасында жұдырықтасқан қазақтың әжесі желінің жұлдызы болды (видео)

ERNUR.KZ. Жасы жүзді алқымдаса да, күш-қуатын жоғалтпаған кейуана әп-сәтте ғаламтор жұлдызына айналды. Өзін шымыр ұстаған әжей шапшаң қимылымен де көзге түсті. Оны әлеуметтік желіде тараған мына бір видеодан аңғаруға болады. Видеоны түсіріп тұрған ер кісі оқушы қызды рингтке Шұғыла есімді апасы екеуі шығып жатқанын айтып қалжыңдайды. Осы сәтте кейуана мен оқушы қыз жұдырықтасып, соңында жасөспірім жеңіліп қалады. Ал әжей болса, өзінің ептілігімен көзге түсіп, көпшіліктің жүрегін бірден баурап алды. «100 жастағы әжей» деген атаумен тараған видеодағы кейуана желідегілердің сүйіктісіне айналып та үлгерді.

«Қандай керемет көрініс, апасы мен немересінің мейірімділігі байқалып тұр», «Жарайсыз, апа. Ғұмырыңыз ұзақ болсын» деген желі қолданушылары немересімен қалжыңдасып күш сынасқан әжейдің деніне саулық тілеп, өздеріне кейуананың жолын берсін деп тілектерін жаудырды. Дегенмен желідегілердің арасында қарт әжейдің бұл қылығын ерсі көргендер де жоқ емес.

Бұл әжей еліміздің қай өңірінің тұрғыны екені сол күйі беймәлім болып қалды.

Видео: желіден алынды