"Семіртпейді" дейсіз бе? Бұларды көп ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ

0
2 602

Сымбатына сынмен қарайтын жандарға БАСҚАСЫМЕН алмастырған дұрыс.


Жыл өткен сайын арықтауды армандайтын қыз-келіншектердің саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Олардың көбі семіздіктен арылу үшін маманға жүгінбей, өз бетінше әрекет жасайды. Соның салдарынан да болар, жасаған іс-әрекеттері нәтижесіз болып жатады.

Диета барысында сіз мынадай қателік жіберуіңіз мүмкін. Мәселен мына 4 азық-түлікті нормадан асыратын болсаңыз, салмақ тастауыңыз екіталай.


Кептірілген жемістер

Бүгінгі күнге дейін кептірілген жемістерді кәмпиттерден пайдалы деп келдік. Иә, расында да кептірілген жемістердің тәтті кәмпиттен әлдеқайда пайдалы, құрамы да дәруменге бай екені белгілі. Әсіресе олардың бойында антиоксиданттар жетерлік. Соған қарамастан арықтағысы келетін қыз-келіншектерге қанттың орнына кептірілген жемістерді жегенде абай болуды ескертеміз. Біріншіден, сіз кептірілген жемістерді белгілі бір мөлшермен жеймін деп ойлайсыз. Бірақ көп жағдайда бұлай болмайды. Кептірілген жемістерді де шамадан асырып жегенде оның құнарлылығы қанттан көп болмаса азаймайтынын ескеру керек. Оның үстіне кептірілген жемістер қандағы глюкозаны тез көтереді.

Сондықтан да сымбатына сынмен қарайтын жандарға кептірілген жемістерді балғын жемістермен алмастырған дұрыс.


Балғын жеміс шырындары


Жаңадан сығылған жеміс шырыны да фигураның жауы болуы ғажап емес. Мұндай шырынның 100 мл 40 ккал-дан тұрады. Мамандар шырынменәуестенуге болмайды дейді. Өйткені балғын шырындарды көп ішкен адам қант диабетінің 2 түріне, май басу мен бауыр қабынуына шалдығуы әбден мүмкін.

Ең дұрысы балғын жеміс шырынына сондай мөлшерде су қосып ішіңіз. Ал, одан да дұрысы балғын шырынды балғын жеміс-жидектерге алмастырыңыз. Осылай сіз денсаулығыңызға да, фигураңызға да зиян келтірмейсіз.


Майсыз сүт өнімдері

Диета ұстайтын қыз-келіншектердің көбі майсыз сүт өнімдерін тұтынады. Алайда бұлай жасаған дұрыс па? Шынында да майсыз сүт өнімдері ағзаға пайдалы ма?

Мамандар майсыз сүт өнімдері кальцийдің сіңуіне кедергі келтіреді дейді. Сонымен қатар, мұндай өнімдерді майсыздандырғаннан кейін оның орнына крахмалмен, қантпен алмастырады екен. Осылайша майсыз сүт өнімдері пайдасынан гөрі зияны көбірек бола бастайды.

Диетологтар ең дұрысы сүт өнімдерін орташа майлылықпен алған дұрыс деп есептейді. Осындай өнімдердің дәмі де құрамы да жақсы болады.


Тез дайындалатын ботқалар

Қайнаған су құйып, 5-ақ минутта дайындауға болатын ботқалар диеталық тағамдардың ішіндегі ең зияндысы саналады екен. Себебі, мұндай ботқалардың құрамында көп көлемде қант пен өңделген крахмал болады. Сонымен қатар, ботқа тез пісу үшін оның бойындағы жасұнық пен В тобындағы дәрумендер түгелдей жойылады.

Тез дайындалатын ботқалардың тағы бір минусы – оның тез қорытылып кететінінде. 1-2 сағат өтпей-ақ, ботқа жегеніңіз естен шығып, қарныңыз аша бастайды. Сондықтан да ең дұрысы түрлі жармалардан алдын-ала ботқа қайнатып, осындай ботқаны жеген пайдалы болмақ.

Емдәм ұстанып, тамақтану рационына көңіл бөлетін ханымдар осы айтылғандарды ескерсе, сымбаты еш бұзылмайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДИЕТАЛЫҚ әдіспен дайындалған ең дәмді ТЕФТЕЛИ


ДИЕТАНЫ соңына жеткізбейтін ЖАҒДАЙЛАР