​Артық салмағы барлар «АРТЫҚ» жерлерін қалай жасырса болады?

0
2 380

Семіздікті білдірмеудің амалдары бар. Өте тәжірибелі стилистер бұл тұрғыда түрлі кеңестерді алға тартып, әдемі көрінудің құпиясымен бөліскен екен.


​Артық салмағы барлар «АРТЫҚ» жерлерін қалай жасырса болады?


Егер арықтау қолыңнан келмей, денедегі артық майларды білдірмеудің амалын таппай жүрген болсаң, төмендегі кеңестер өзіңе арналады.

Артық салмақ қашанда адамның мүсінін бұзып, келбетін келістірмей тұратыны белгілі. Стилистер осындай келеңсіздікті киімнің көмегімен жабуға болады дейді. Мысалы, толық әйелдерге ашық түсті киімнен гөрі қара, қоңыр түсті киімдерді киген дұрыс деген қатып қалған қағида бар. Алайда бұлай ойлайтындар қатты қателеседі екен. Стилистер керісінше ашық түсті, тіпті, аппақ киім киген адамның өңі кіріп, жүзі де құлпыра түсетініне сенімді. Сондықтан да шық түсті киімдерден қашпауға кеңес береміз.

Бірақ денеге жабысып тұратын киімді кимеген абзал дейді стилистер. Әсіресе қысқа белдемше, тым ойық етекті көйлектер де болмайды. Ең бастысы киімді өлшеміңе сай етіп алу керек. Алдағы уақытта арықтаймын деп ойлап, бір-екі өлшемге кіші, тар киім сатып алудың қажеті жоқ. Өзіңді қалай барсың солай қабылдауды үйрен. Егер әдемі көрінуді қатты қаласаң, биік өкшелі аяқ киім мен мойныңа сәнді әрі ұзын әшекей таққаның дұрыс.


Киімнің белдігі беліңізде тұратынын таңдаңыз


Қазіргі кезде қыздар қарындарын көрсетіп жүргенге құмар. Олар әрине белдігі бөкседен түсіп тұратын киімдерді таңдайды.

Қарындағы және бөкседегі артық майларды жасырудың таптырмас амалы – белдігі биік тігілгенін таңдауға кеңес береміз. Кез-келген шалбар, джинсы, белдемше, шорты болсын белдігі беліңізде тұратын болса, проблемалы аймақтарды жасыруға көмектеседі. Есте сақтайтын нәрсе, мұндай киімдердің матасына мән бер. Себебі өте қатты әрі қалың матадан тігілген киім болса, ол сенің көлеміңді одан сайын арттырып, әдемі көрінбейді. Вельвет, бархаттан тігілген киімдерді алмағаныңыз абзал.

Ал, тым жұқа матадан тігілген киімдерді алуға да кеңес бермейміз. Жұқа көйлек немесе шалбар, керісінше сенің артық майларыңды көрсетіп, дене-бітіміңді өзгертіп жібереді. Ең дұрыс шешім бір тегіс, әрі орташа қалыңдықтағы маталар.


Сәніңізге сән қосып, одан әрі құлпыра түскіңіз келсе, мойны V тәріздес ойық жағалы киім киіңіз.

Ал, ашылған мойынға өте әдемі алқа таққан жараса кетеді. Осылай киіну арқылы денедегі артық майлар көзге көрінбей, жұрттың назарын басқа жаққа аударған боласың.

Сонымен қатар, жеңі ұзын көйлектерге қарағанда томпақ келіншектерге жеңі қысқа немесе жеңсіз кофталарды кию керек. Ал, қолыңа әдемі браслет тағып, нәзіктігіңді арттыра түссең болады.

Бір түсті кофта киіп, астыңғы жағына гүлді немесе жолақ түскен шалбар не белдемше киген жарасымды. Мұндайда сенің белдегі, қарындағы артық майларың көзге көрінбей кетеді.


Ішкиімді де дұрыс таңдай білу керек

Дене-бітіміңді түзететін ішкиімнен бас тартпа. Фигураның келіспей тұрған жерлерін түзетуге көмектесетін ішкиім ең тиімді таңдау болмақ. Дәл осындай ішкиім киетін болсаң, қарынды білдірмей, бөкседегі майлар жиналады. Түзетуші ішкиімдерді күн сайын ки демейміз, ең болмағанда той-томалаққа барғанда, туған күндерде кисең, фигураңды «түзететіні» анық.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Балықтан ерекше котлет мәзірі


Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз