Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз

0
5 303


Қысқа арнап ЖЕҢІЛ де ДӘМДІ салат жауып алыңыз


Банка жабу науқаны басталып кетті. Дегенмен, сіз әлі үлгермеген боларсыз?! Егер өте дәмді әрі сулы, хош иісі аңқып тұратын салат жапқыңыз келсе, мына рецептті алуыңызға болады.


Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. қияр
  • 500 гр. қызанақ
  • 150 гр. болгар бұрышы
  • 150 гр. қырыққабат
  • 100 гр. сәбіз
  • 150 гр. пияз
  • ½ бөлік чили бұрышы
  • 50 гр. қант
  • 1 ас қасық тұз
  • 75 мл өсімдік майы
  • 40 мл 9%-дық сірке су
  • Жарты бума ақжелкен


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен барлық көкөністерді тазалап жуып аламыз.
  2. Қиярды ортасынан бөліп, осы қалыпта тураймыз. Қызанақты да дәл осылай жұқалап турау керек.
  3. Пияздың қабығын аршып, оны да жұқалап турау керек. Сәбіздің де қабығын аршып, ірі немесе орташа үккіштен өткіземіз.
  4. Қырыққабатты да майдалап турау керек.
  5. Ақжелкенді ұсақтап турап, болгар бұрышын ұзаншалап турауға болады. Ал, ащы бұрышты жұқалап әрі дөңгелектеп тураймыз.
  6. Барлық туралған көкөністерді бір табаққа салып араластырып, қант, тұз, өсімдік майы мен сірке суын қосамыз. Көкөністерді тағы бір араластырып, 3 сағатқа қалдырамыз.
  7. Банкаларды ас содасымен тазалап жуып, жақсылап шаю қажет.
  8. Кастрөлге су құйып, қайнатамыз. Осы суға қақпақтарды саламыз. Содан соң қайнап тұрған кастрөлдің бетіне тор темірді қойып, банкаларды қойып, 15-20 минут бойы зарарсыздандырамыз.
  9. Енді банкаларға маринадталған салатты салып, қақпағын қойып шығамыз. Кастрөлдегі қайнап тұрған суға салат салынған банкаларды салып, қайтадан қайнатамыз. 30 минуттан кейін банкалардың қақпағын бұрау беруге болады.
  10. Дайын банкаларды төңкеріп қойып, сыртынан матамен жауып қою керек. Осылайша қыста жеуге арналған салаттарымыз да дайын болды.


Өте оңай салат

Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. болгар бұрышы
  • 100 гр. пияз
  • 1 кг қызанақ
  • 80 мл өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 100 гр. қант, сірке суы қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Болгар бұрышының дәндерін тазартып, жуып алған соң, ұзыншалап турау керек.
  2. Қызанақтарды да жуып аламыз. Қызанақтарды табаққа салып, ыстық су құйып, 3 минут қойып қоямыз. Сосын қызанақтарды судан алып, салқын суға саламыз.
  3. Енді қызанақтардың қабығын аршу ғана қалды. Содан соң қызанақты блендерге салып, езбе жасаймыз.
  4. Пияздың қабығын аршып, блендермен ұсақтап алуға болады.
  5. Табаға май құйып, болгар бұрышын қуырамыз. Осы қуырмаға қызанақ езбесі мен майдаланған пиязды құясыз.
  6. Табадағы езбеге тұз, қара бұрыш, қант салып, жақсылап араластырамыз. Осылай 25-30 минут бұқтырып, соңында сірке суын қосамыз.
  7. Дайын салатты зарарсыздандырған банкаларға құйып, қақпағын бұрап жабамыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Таңғы асқа лаваштан дәмді тағам дайындаңыз


Жемістерден дайындалатын жаздық ТОРТ