​Ауызашар дастарханына арналған АССОРТИ кәуап

0
1 237

Дастарханды ашатын өте дәмді кәуап қонақтардың да көңілінен шығатыны сөзсіз!


​Ауызашар дастарханына арналған АССОРТИ кәуап


Ауызашар дастарханына ерекше әрі оп-оңай дайындалатын тағам әзірлегіңіз келсе, дәл осы кәуапты жасап көріңіз.

Қажетті қоспалар:

  • Тауықтың төс еті
  • 1-2 дана кәді
  • 2 дана қызыл болгар бұрышы
  • 13-15 дана черри қызанағы
  • Кәуапты жасауға шпажка
  • Дәмдеуіштер:
  • 2 шай қасық тұз
  • 2 шай қасық паприка
  • 3 тіс сарымсақ
  • 1-2 ас қасық майонез
  • жарты стақан өсімдік майы
  • 1 ас қасық соя соусы


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен тауық етін төртбұрышты қалыпта турап аламыз. Көкөністерді де дәл солай турау керек. Содан соң көкөністер мен тауық етін табаққа салып, тұз, паприка, езілген сарымсақ, майонез бен өсімдік майы, соя соусын құйып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  2. 30 минуттай маринадтап қоямыз. Осы уақыт өткеннен кейін алдымен болгар бұрышы мен етті, кәдіні кезек-кезек шпажкаға тізіп, ең соңынан әрбір кәуапқа бір-бір черри қызанағын қойып шығу керек. Осылайша тізбектелген өте әдемі кәуаптарды табаға салып, 180-200 градусқа қыздырылған пеште 20-30 минуттай пісірген жеткілікті. Дастарханыңызға көрік беріп тұратын оңай ассорти кәуап дайын.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Хит салат: «ҚЫТЫРЛАҚ БАЯЛДЫ»